Атырау, 28 қыркүйек 06:31
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Нұрсұлтан Назарбаев Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға алғаш рет пікір білдірді

766 просмотра

46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет жауап берді, деп жазады Orda.kz.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай орын алғанына 10 күнге жуық уақыт өтті.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев «болған жайтқа қатты алаңдап», қайтыс болған кеншілердің отбасыларына 50 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

«Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға қатты алаңдаған еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 миллион теңге көлемінде тікелей қаржылай көмек бөлді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, екі айдан астам уақыттан бері Назарбаевтың қоғамдық ортаға шығуы туралы айтылмаған. Бірқатар қоғам белсенділері осы уақыт бойы тұңғыш президенттің Қарағандыдағы кеншілердің қазасына көңіл айтпағанына назар аударды.

Жақында БАҚ-та Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені туралы ақпарат тарағаны да көңіл аударарлық. Экс-президенттің інісі миокард инфаркты деген күдікпен Алматыдағы ең беделді клиникалардың біріне жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақсыз деп бағалады. Негізінде бұл оның өмір мен өлім алдында тұрғанын білдіреді.

6 қараша 2023, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.