Атырау, 28 қыркүйек 06:19
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді

419 просмотра
Фото: freepik.com

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болған.

«Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады. Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген», - делінген хабарламада.

Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек.

ҚР Қылмысиық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Егер балалардың қараусыз қалуы нәтижесінде өрт біреуге зиян келтірген орын алса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн.


6 қараша 2023, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.