Атырау, 28 қыркүйек 06:24
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алматы облысында полиция қызметкерінің денесі табылды

606 просмотра

Алматы облысы Балқаш қаласында 31 жастағы полицейдің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі кезде өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша жан-жақты тергеу жұмыстары басталды.

«Балқаш аудандық полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полицейдің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл дерек бірден ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша тіркелді», - делінген ПД хабарламасында.

Ведомство қайтыс болған азаматтың «отбасылық қарым-қатынасында жеке проблемалары болғанын, ол да қылмыстық тергеу аясында тексерілетінін» атап өтті.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы облыстық полиция бастығының бақылауына алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабы аясындағы өзге мәліметтер жария етілмейді.


6 қараша 2023, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.