Атырау, 19 ақпан 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанады

514 рет қаралды
Фото: ktf.kz

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, әлемнің 247-ракеткасы Жұқаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық, 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.

«Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді – 6:3. Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, алға кетті – 4:2. Допты қатты беретін Б. Бейбіт ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4», - делінген федерация хабарламасында.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.


6 қараша 2023, 08:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.