Атырау, 28 қыркүйек 06:27
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса назар аударып отыр - Тоқаев

862 просмотра
Фото: akorda.kz

Астанада  Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның маңыздылығы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысушыларды қарсы алды.

«Ең алдымен бауырым Режеп Тайып Ердоған мырзаға және барша түрік ағайындарға Түркияның 100 жылдық мерейтойы құтты болсын! Ұлы тұлғалардың арқасында бүгінде Түркия бүкіл әлемге ықпалы бар, қуатты мемлекетке айналды», – деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы жиынға жиналған Мемлекет басшыларына, ұйымның қазіргі төрағасы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосықаны үшін ерекше алғыс айтты.

«Құрметті саммитке қатысушылар, өздеріңізге мәлім, осы күнге дейін біраз шаруа атқарылды. Нақты жетістіктеріміз бар. Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркі тілдес мемлекеттер ынтақтастығы кеңесі қазір толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналды. «Түркі әлемінің келешегі-2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Орталық құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынетымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат  - өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, ұрпаққа  табыстау. Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болды. Сондықтан түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу бәрімізге ортақ міндеті», - деді ол.

3 қараша 2023, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.