Атырау, 3 маусым 15:41
 дождьВ Атырау +21.8
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

ШҚО-да мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған әкім жұмыстан қуылды

615 рет қаралды

Шығыс Қазақстан облысында мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған әкім жұмыстан қуылды, деп хабарлайды YK-news.

«1 қазанда Алтай ауданына қарасты ауылдық округтердің бірінің әкімі қызметтік көлігін тізгіндеп, аулада тұрған ВАЗ көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында тіркелді», - делінген хабарламада.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен хабарланғандай, 31 қазанда Әдеп жөніндегі кеңес әкімге қатысты тәртіптік істі қарады.

«Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

3 қараша 2023, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.