Атырау, 28 қыркүйек 08:17
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Газа секторында Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 9 мыңнан асты

347 просмотра

Соңғы тәулікте Израиль әскері қоршауға алған Газа секторындағы атқылаулар салдарынан қаза тапқандар саны 265 адамға көбейіп, 9061-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Аnadolu агенттігі Газа денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ашраф әл-Кудраның мәлімеіне сілтеме жасап хабарлады.

«7 қазаннан бері эксклавтағы израильдік шабуылдардың құрбандары арасында 3760 бала мен 2326 әйел бар. Сонымен қатар кем дегенде 32 мың газалық жарақат алды», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, кеше Израиль әуе күштерінің Газа секторындағы Бурейж босқындар лагеріне жасаған соққысынан кемінде 15 палестиналық қаза тапты.

Газадағы Палестина Азаматтық қорғанысының баспасөз хатшысы Махмуд Басал көптеген адамның үйінділер астында қалғанын, оларды құтқару жұмыстарын жалғасып жатқанын айтты.

Соңғы мәліметтер бойынша, Израиль тарапынан 5,4 мың адам жараланып, 1,4 мыңнан астам адам қаза тапқан.


3 қараша 2023, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.