Атырау, 28 қыркүйек 08:14
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қоғамдық бақылау мәселелері бойынша 10 заңға өзгеріс енгізілді

706 просмотра
Фото: trainanddevelop.ca

2023 жылдың 2 қазанында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңға және петицияларды реттейтін ілеспе заңға қол қойылды. Заң қол қойылғаннан кейін 6 айдан кейін күшіне енеді, бұл – 2024 жылдың 4 сәуірі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров құжаттың негізгі новеллалары туралы айтып берді.

Қоғамдық бақылау туралы заң отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленді деді вице-министр.

Ол заң елімізде қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталғанын жеткізді.

«Халықаралық сарапшылармен, 50- ден аса жұмыс топтарының отырыстары өтті. Халықаралық тәжірибе талқыланды», - деп мәлім етті Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 

Заңда қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары ретінде «заңдылық, жариялылық, ашықтық және қоғамдық бақылау субъектілерінің ерікті қатысуы мен тәуелсіздігі» бекітілген. Сондай-ақ құжатта азаматтар қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алатын қоғамдық бақылау объектілерінің тізбесі айқындалды.

«Олар барлық жергілікті атқарушы органдар, орталық атқарушы органдар, сонымен бірге квазимемлекеттік сектор, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары болып табылады», - деп атап өтті спикер.

Заңда қоғамдық бақылауға қатысу шарттары да айқындалған.

«Қоғамдық бақылауды іске асыруға он сегіз жасқа толмаған, өтелмеген соттылығы бар, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар жіберілмейді», - деп хабарлады Данияр Қадыров.

Қоғамдық бақылау және әкімшілік рәсімдер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 3 кодексіне және 10 Заңына өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта аталған заңдарды іске асыруға бағытталған 16 нормативтік құқықтық актілер даярланып, құзіретті мемлекеттік органдармен келісу өтіп жатыр.

2 қараша 2023, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.