Атырау, 3 маусым 15:42
 дождьВ Атырау +21.8
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Педагогтарды аттестаттау процесі өзгереді – министр

626 рет қаралды
Фото: freepik.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте педагогтарды аттестаттау жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Педагогтарды аттестаттау процесі өзгереді. Аталған жүйені автоматтандыру үшін ұлттық платформа әзірленуде. Бұл - объективтілік пен ашықтықты айтарлықтай арттырады. 2024 жылдың қаңтарында Платформа Шығыс, Батыс, Солтүстік және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылады», - деді министр.

Бейсембаев Президенттің тапсырмасы қалай орындалып жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына әрдайым қолдау көрсетіп, оның дамуына серпін беретін нақты міндеттерді жүктеп отыр. Осы міндеттерді сапалы атқару мақсатында Оқу-ағарту министрлігі: балалардың білім беру қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті күшейту, білім беру инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіз орта қалыптастыру бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізуде», - деді ол.

2 қараша 2023, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.