Атырау, 28 қыркүйек 08:19
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

"ӨКМ операторының" ісі: бұрынғы басшы 920 миллион теңге төледі

546 просмотра
Сурет: Zakon.kz

"ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Шнар Мұқтарова 920 миллион теңге шығынды өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сотта айыпталушының адвокаттары Шнар Мұқтарова 920 миллион 534 мың теңге көлеміндегі барлық шығынды өтегенін хабарлады. Судья Ибрагим Әлкенов түбіртекті іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырды.

Адвокаттар процессуалдық келісім жасауды сұрағанымен, іс прокуроры Ерасыл Сәкенов келісімге келуден бас тартты.

Сот сот тергеуінің басталғанын жариялады.

Есек салайық, Мұқтарова 2017-2018 жылдары Экологиялық кодекс талаптарын бұза отырып, кәдеге жарату төлемінен 920 миллион теңге көлемінде өзіне дивиденд түрінде заңсыз төленген қаражатты иемденген деген күдікке ілінген.

2 қараша 2023, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.