Атырау, 28 қыркүйек 08:23
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

"Елімай-2019" ТК қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыпты сотталды

431 просмотра
видео кадры

"Елімай-2019" ТК ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғандары үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Елімай-2019" тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқандығы анықталды.

"Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 миллиард теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 миллион теңгеге шектеу қойылды. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады. Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

2 қараша 2023, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.