Атырау, 28 қыркүйек 08:14
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

ҰБ басшысы Ұлттық қордан балаларға ақша аударуға әсер етенін факторларды айтты

663 просмотра
freepik.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қор табысынан балаларға аударылатын қаражат деңгейі қандай факторларға  байланысты болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform. 

Атап айтқанда, келер жылдың 1 ақпанынан Ұлттық қор табысынан балаларға қаражат аударыла бастайды.

«Төлемдер Ұлттық қордан бағытталады. Бұл тұрғыда кем дегенде үш фактор ескерілген. Біріншіден, тұрақты кіріс болуы керек, оған мұнай бағасы, металл құны, салық саласындағы әкімшілендіру елеулі әсер етеді», - деді Т.Сүйлейменов Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сұрағына жауап бере отырып.

Ұлттық банк басшысы фискалдық тәртіп мәселесін де атап өтті.

«Екіншіден, бұл біздің фискалдық тәртіпке байланысты болады. Яғни, Ұлттық қордан қанша алатынымызды, қаншасын мақсатты кепілдендірілген трансферт ретінде аударатынымызды ескеру керек. Ал келесі компонент Ұлттық қордың өзін басқару тиімділігіне байланысты болады», - деді Тимур Сүлейменов.

Бұдан бұрын ҰБ басшысы Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын басқару саясаты өзгеретінін айтты.

1 қараша 2023, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.