Атырау, 28 қыркүйек 08:14
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Халыққа банктен қарыз бен микрокредит алудан ерікті түрде бас тарту құқығы берілмек

449 просмотра
Фото: freepik.com

Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен әзірленген. Заң жобасы биылғы 27 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасымен жұмыс барысында Мәжілісте жобаны жақсартатын бірқатар толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева баяндады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі енгізілді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бақылаушы орган. Азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын беру. Тыйым салуды «электрондық үкіметтің» жеке кабинетінде белгілеуге болады. Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескерілетін болады. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алуын болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Смышляева.

Ол атағандай, дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторларының бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізіледі.

«Азаматтар өздерінің дербес деректерімен жасалған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе SMS арқылы біледі. Сонымен қатар депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулерді енгізді. Заң жобасы бойынша тоқсан жеті түзету келіп түсті. Олар жұмыс тобының және Комитеттің кеңейтілген отырыстарында қаралды. Қорытынды салыстырмалы кесте қабылданған қырық алты позициядан тұрады», - деді ол.

Мәжіліс осы заңды қабылдап, оны Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберді.

1 қараша 2023, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.