Атырау, 28 қыркүйек 08:25
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Макрон қазақ мектептеріне француз тілі сабағын қайтаруды ұсынды

456 просмотра

Астанаға ресми іссапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макрон Париж Қазақстан мектептеріне француз тілі сабағы қайта оралуы үшін бар күшін салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды  NEGE.

«Мен мәдени байланыстың нығайғанын қалаймын. Біз қарым-қатынасымызды осы қырынан дамытқымыз келеді... Мысалы, бізге қазақ мектептеріне француз тілін оқытудың қайта оралуы өте маңызды. Жағдайды өзгерту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Біздің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге көп үміт ортамыз», - деді Макрон. 

Франция президенті 2024 жылдың күзінде Қазақстан-Француз университеті жұмыс істей бастайтынын атап өтті. 

1 қараша 2023, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.