Атырау, 23 желтоқсан 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ҰҚК бірқатар операцияны іске асырып, 23 күдіктіні ұстады

603 рет қаралды
Фото: gov.kz

2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар операцияларды іске асырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.

Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды", - деп жазылған хабарламада.

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.

Фото: gov.kz

Заңсыз айналымнан 300 кг-ға жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.

1 қараша 2023, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.