Атырау, 28 қыркүйек 08:22
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қызылша жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі – Есмағамбетова

716 просмотра
Фото: ortcom.kz

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қызылшаны жұқтыру жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазір елде қызылшаны жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. 2023 жылдың басынан бері ҚР-да қызылшаның 11 057 жағдайы тіркелді, оның ішінде 83%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 2,7%-ы –жасөспірімдер арасында, 13,8%-ы ересек адамдар арасында тіркелген. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді, жоғары деңгей Алматы қаласында – 2031 жағдай, Шымкент қаласында – 2026 жағдай, Жамбыл облысында - 1392 жағдай және Алматы облысында – 1111 жағдай», - деді ол.

Есмағамбетова атағандай, балалар арасындағы сырқаттанушылық вакцинация алмағандар есебінен тіркелуде.

«Бұл ретте, 60%-да – балалардың екпе алмауына байланысты, 18,3%-да – медициналық қарсы көрсетілім бойынша, 21%-да егу жасына жетпеуіне байланысты егілмеген. Қазіргі уақытта қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында мынадай шаралар жүргізілуде: қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация, ошақтарда егілмеген байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдарды вакцинациялау, 18 жасқа дейінгі балалардың егілуін тексеру,  денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысы. Айта кету керек, қазіргі эпидемиологиялық жағдайда қызылша 5 жасқа дейінгі балалар арасында көбірек тіркелген, яғни қызылша жағдайларының 65%-дан астамын құрайды», - деді Айжан Есмағамбетова.

31 қазан 2023, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.