Атырау, 28 қыркүйек 10:28
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Delta Bank ісі бойынша Тілеубаевтың дүние-мүлкі бұғатталды

661 просмотра
Сурет: forbes.kz

Қаржы мониторингі агенттігі «Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Агенттік мәліметінше, 2012-2017 жылдар аралығында Н. Тілеубаев (Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингіне енген) қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банктен қаражатты алып шығарған.

«Тергеу барысында Н. Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді. Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар», - деп атап өті агенттік өкілдері.

Сонымен қатар Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін (құны 27 млрд теңге) қамауға алу санкцияланды.

«Бұл ретте Н. Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан (13 жер телімі, 40 көлік, 1 пәтер, 4 ғимарат) Проблемалық несие қорына берілді. Сот үкімімен Н. Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі уақытта Н. Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары – «ҚазИнвестБанк» АҚ (шығын 131 млрд теңге), «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (2,3 млрд теңгеге талап-арыз) және «БЖЗҚ» АҚ (5 млрд теңге өндіріп алу туралы азаматтық сотқа жүгінген).

«Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр», - делінген хабарламада.

31 қазан 2023, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.