Атырау, 28 қыркүйек 10:24
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда кім көп - ер ме, әйел ме?

794 просмотра

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының соңғы қорытындысын шығарып, Қазақстанда әйелдер саны ерлерге қарағанда көбірек екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Қазақстандағы әйелдер саны ерлер санынан бұрынғыдай басым.

"2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. Пайызбен айтсақ, ерлер үлесі – 48,6 пайыз (9 324 840 адам), әйелдер үлесі – 51,4 пайыз (9 861 175 адам). Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 миллион, әйелдер саны 1,5 миллионға артты, Қазақстанда 1000 әйелге 946 ер адамнан келеді", - делінген хабарламада.

Демография ерекшеліктеріне байланысты 36 жасқа дейінгі ер адамдар саны әйелдерге қарағанда көп, содан кейін ғана олардың саны арақатынасқа салғанда азая бастайды (36 жастан асқан әйелдер саны 736 мың адамға көп). Бұл ретте ерлер мен әйелдердің арақатынасы тек екі өңірде – Қызылорда және Түркістан облыстарында көп, онда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.

"Алдыңғы санаққа қарағанда 15-19 жас және 20-24 жас аралығындағы әйелдер мен ерлердің саны азайғанына назар аударуға болады. Бұл 2009 жылғы халық санағы кезінде 20-24 жас аралығындағы топта туудың ең жоғары кезеңінде – 1980 жылдардың екінші жартысында туылған ұрпақтың болуымен байланысты.

Ал 2021 жылы бұл жас тобын 1990-шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басында дүниеге келген туу көрсеткіші төмен болған ұрпақ алмастырды. Сол сияқты 15-19 жас санаты бойынша 2002-2006 жылы туылған ұрпақ 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы ұрпаққа қарағанда аз", - делінген хабарламада.

2009 жылғы санақпен салыстырғанда 55-59, 60-64 және 65-69 жастағы ер адамдар саны сәйкесінше 50,2 пайыз, 117 пайыз және 69,5 пайыз айтарлықтай өскен. Осы жастағы әйелдер саны да 2009-ға қарағанда сәйкесінше 38 пайыз, 105,9 пайыз және 58,3 пайыз өскен. Аталған жас тобындағы халықтың өсуі орташа өмір сүру ұзақтығының артуымен, өмір сүру жағдайларының жақсаруымен байланысты.


30 қазан 2023, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.