Атырау, 28 қыркүйек 10:28
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Костенко шахтасында құтқару жұмысы әлі де жалғасып жатыр

462 просмотра

Қарағанды облысының Костенко шахтасында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы мәлімет бойынша 45 адамның денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда. Жұмыстар кезең-кезеңмен өтуде. Әуелі құтқару шаралары жүргізіліп, бұдан соң аумақ қайта тексеріледі. Мамандар, сондай-ақ жарылыс кезінде бүлінген тау-шахталық қондырғыларды жер бетіне шығаруда. Апат орнының қауіпсіздігіне көз жеткізілген соң шахтаға тергеуді жүргізетін мемлекеттік комиссия өкілдері түседі. 

- Шахталарда тексеру жұмыстары жалғасуда. Кейбір аумақтарда тау жыныстарының опырылуы байқалған. Шахтадағы газ мөлшерін анықтағаннан кейін сорғыларды орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі, - деді кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі республикалық орталық штабы филиалының орынбасары Геннадий Силинский.


30 қазан 2023, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.