Атырау, 28 қыркүйек 10:17
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Шахтадағы апаттан қаза тапқан кеншілердің саны 43-ке жетті

508 просмотра
Сурет: freepik

Кейінгі мәлімет бойынша, із-түзсіз жоғалғандар тізімінде 3 адам бар, қалған 43 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы Telegram-дағы каналында жазды.

"Шахтада қаза тапқандар саны 43-ке жетті. Әлі 3 кеншіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр".

Zakon.kz редакциясы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен бұл ақпараттың рас-өтірігін сұрап, 15:37-де ресми сауал жолдаған. 18:00-дегі жағдай бойынша, ведомство әлі ақпарат бермеді.

Еске салайық, бұған дейін Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 42 адамға жеткенін хабарлаған едік.

29 қазан 2023, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.