Атырау, 28 қыркүйек 10:17
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36 адам болды

582 просмотра

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36 адам болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

29 қазан сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша, 36 адамның денесі табылды, 10 кенші іздестіріліп жатыр.

"Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.

29 қазан 2023, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.