Атырау, 23 желтоқсан 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Костенко шахтасындағы апат: қаза тапқандар саны артып жатыр

950 рет қаралды

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған жарылыстан қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді.  Шахта астында 23 шахтер қалады. 21 шахтердің денесі табылды.  Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Штаб жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді: 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.

28 қазан 2023, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.