Атырау, 28 қыркүйек 10:26
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Әли Оқапов желідегі даудан кейін барлық марапатынан бас тартты

Бейнежазба
1 086 просмотра

Әнші Әли Оқапов желідегі даудан кейін барлық марапатынан бас тартты. Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» порталы.

«Осы видео арқылы мен 32 жылда алған барлық марапаттарымнан бас тартуды шештім. Мұны баяғыдан-ақ істегім келген»,—деді өнер иесі.

Әли Оқапов марапаттарды қайтару туралы заңды мұқият оқығанын атап өтті.

«Наградаларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген. Сондықтан мен заңды зерттеп, қайтару туралы нормативтік құқықтық актілерді іздедім. Алайда ештеңе таппадым. Ондай норма жоқ. Меніңше, олай ешкім де істеген жоқ. Сондықтан наградаларға қатысты құзырлы органдардың шешімін күтемін. Қандай шешім шықса, солай істеймін. Барлығын да жасауға дайынмын»,—деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ эстрада әншісі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен марапат беруге атсалысқан адамдарға алғысын білдірді.

27 қазан 2023, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.