Атырау, 28 қыркүйек 12:29
 ашықВ Атырау +15
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Экс-депутат Сәния Мұратоваға қатысты іс: сот шешім шығарды

1 087 просмотра
Фото: instagram.com/saniya_bulqairqyzy

Ақтөбе мәслихатының бұрынғы депутаты Сәния Мұратоваға қатысты іс бойынша сот шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Әкімшілік сотқа үш рет шақыру қағазын елемеген Сәния Мұратоваға қатысты бүгін шешім шығарылды. Экс-депутаттың өзі сот отырысына келмеген.

Мас күйде көлік жүргізгені үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алуды және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды ұйғарды. Сотта полиция инспекторы Нұржас Мүсіреп бір ай бойы полиция Мұратованың қайда екенін анықтай алмағанын айтты. Сондықтан істі қарап жатқан судья 53 жастағы экс-депутаттың қатысуынсыз шешімді оқыды.

"Сот қаулысы бойынша, Мұратова ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылсын", - деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

26 қазан 2023, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.