Атырау, 28 қыркүйек 12:31
 ашықВ Атырау +15
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлемдер қашан түседі?

751 просмотра
фото: freepik.com

2024 жылы кәмелеттік жасқа толған қазақстандықтар "Ұлттық қор - балаларға" жобасы бойынша төлемдерді 1 ақпаннан кейін алатын болады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОҚК-да өткен брифингте журналистер балалар алғашқы төлемдерді қашан алатынын сұрады.

"Алғашқы есептеулер 2024 жылдың 1 ақпанында түседі. Неге? Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарында басталады, содан кейін бір балаға шаққандағы соманы анықтау үшін есептеулер жүргізуге бір ай қажет болады. Бұл қарапайым арифметика - 18 жыл ішінде инвестициялық кірістің 50 пайызы қатысушылардың санына бөлінеді - 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл бір балаға шаққандағы соманы анықтайды және бұл есептеу келесі жылдың 1 ақпанында жүргізіледі.

1 ақпаннан кейін 18 жасқа толғандар ақшаны алу үшін платформа арқылы өтініш беруге құқылы", - деп түсіндірді Темірбеков.

Бұл ретте ол барлық балаға – 17 жасқа толғандарға да, бір жасқа толғандарға да бір сома түсетінін нақтылады.


26 қазан 2023, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.