Атырау, 23 шілде 16:27
 дождьВ Атырау +36.4
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болды - Бас прокуратура

782 рет қаралды
Фото primeminister.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қылмыстық іс лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қозғалды. Мемлекетке аса ауыр көлемде шығын келтірілді. Бекетаев жасырынбақ болған кезінде ұсталды. Қалған мәлімет тергеуге байланысты жария етілмейді", - деді Шындалиев.

"Әуежайда ма?" деген журналистің сұрағына шенеунік "иә" деп жауап берген.

Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді.

26 қазан 2023, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.