Атырау, 28 қыркүйек 12:29
 ашықВ Атырау +15
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қайрат Боранбаевтың туысы сотталды: істің мән-жайы

683 просмотра
Фото ашық дереккөзден

Қайрат Боранбаевтың туысы пара бергені үшін сотталды. Әңгіме шенеуніктерге пара берді деп айыпталған Әбілхан Боранбаев туралы болып отырғанын соттың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

19 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Боранбаевтың лауазымды тұлғаларға пара беру дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі) және Қ.-ның құқық қорғау органының лауазымды қызметкері бола тұра пара алу дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) қылмыстық істі қарады.

"Б. аға жедел уәкілі Қ. мен Ш.-ға (тергеу кезінде қайтыс болуына байланысты іс тоқтатылды) жалпы сомасы 1,6 миллион теңгеден астам пара берген. Өз кезегінде Қ. және Ш., адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы пара алып, тергеу-қамауға алынған Б.-ны айдауылдау кезінде оған мобильді байланыс, кездесулер, туған күнін алкогольді ішімдіктерді қолданумен тойлау арқылы үшінші тұлғалармен процестік емес байланысқа түсуіне заңсыз мүмкіндік берген", - делінген хабарламада.

26 қазан 2023, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.