Атырау, 28 қыркүйек 12:31
 ашықВ Атырау +15
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ақтауда сауда үйлерінің бірінде ер адам қайтыс болды

937 просмотра

24 қазанда түнгі сағат 01:10 шамасында Ақтаудағы 3 шағынауданда 34 жастағы ер адамның үстіне лифті түсіп кетті. Марқұм қызметкер нан толы арбаны сүйремек болған сәтте қайғылы жағдайға душар болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz

Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 3 бабының 156 тармағы бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қайғылы адам өліміне қатысты сараптама жұмысы тағайындалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Бұдан өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланбайтыны айтылып отыр.

24 қазан 2023, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.