Атырау, 28 қыркүйек 12:30
 ашықВ Атырау +15
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Мәжіліс комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеруді ұсынды

593 просмотра
фото: freepik.com

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша республикалық бюджеттің жобасына арнайы түзетулерді ұсынды. Бұл туралы төменгі палата депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО-лардың профессор оқытушылық құрамының жалақысын көтеру бойынша Үкіметке бірнеше рет тапсырма бергенін алға тартып, оқытушыларлың жалақысын арттыру үшін бюджеттен әр грантқа бөлінетін қаражат көлемін көбейту керектігін айтты.

«Сондықтан түзетулерімізге байланысты Комитеттің депутаттары магистратурада оқу бойынша бюджеттен университеттерге төленетін  гранттың құнын еселеп көбейтуді, ал  бакалавриаттың соммасын тиісті пайызға өсіру бойынша қаражат бөлу туралы нақты ұсынысты заң жобасына берді. Аталған шешімдер бойынша соңғы нүкте Мәжілістің жалпы отырысында қойылады. Бұл қадамдар оқытушылардың жалақысын 40% дейін көтеруге мүмкіндік береді», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

24 қазан 2023, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.