Атырау, 28 қыркүйек 12:20
 ашықВ Атырау +15
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Әділет экс-министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды

686 просмотра

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды, деп жазады orda.kz.

«22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бекетаев М-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады» деп хабарлайды елорда сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Бекетаев 21 қазанда президент Тоқаев заңсыз тәркіленген активтерді қайтару науқаны аясында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталған болатын. Бекетаев қаңтар оқиғасы бойынша кінәлі деп танылып, қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке жақын болып саналады.

23 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік дүйсенбіде Бекетаевтың ұсталғанын ресми түрде растады.

24 қазан 2023, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.