"АЖ"-ның жақындағы жарияланымынан соң «Petro Export» ЖШС өкілдері ресми түсініктеме берді. Олардың мәлімдемесін қысқартпай жариялап отырмыз.
«Petro Export» ЖШС – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-мен шектесіп жатқан және «АМӨЗ»-бен қапталған құбыр (мазут құбыры) арқылы байланысқан цистерналар паркі бар мұнай базасы. Кәсіпорынның негізгі қызметі - АМӨЗ-ден мұнай құбыры арқылы резервуар паркіне қара түсті мұнай өнімдерін, мазутты қабылдау (алу) және әрі қарай резервуар паркінен қара түсті мұнай өнімдерін эстакадалар арқылы темір жол бағытымен жөнелту үшін теміржол цистерналарына айдау (жеткізу).
«Petro Export» ЖШС кәсіпорын қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуге қатысты қоғам өкілдерінің тұжырымдарымен келіспейді және 2023 жылдың 11 қазанында қоғамдық тыңдаулар туралы хабарлау және өткізу бойынша барлық талаптарды ескерді деп есептейді.
Жұртшылық мәлімдеген улы заттардың атмосфераға шығарындыларына қатысты: кәсіпорын рұқсат етілген шығарындылар бойынша барлық талаптар мен нормативтерге сай келеді. Мазутты қабылдаудың, сақтаудың және айдаудың технологиялық процестері қоршаған ортаны ластау көздері емес. Өнімдер арнайы жабдықтың көмегімен ауыстырылып тиеледі. Тиеу жұмыстары кезінде көмірсутектердің атмосфераға шығарылуын азайту үшін темір жол эстакадалары герметизациялау жүйелерімен жабдықталады.
Мұнай базасын соңғы 2,5 жыл тоқтап тұрғаннан кейін іске қосу бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары сәтті жүзеге асырылғаннан кейін қоршаған ортаға теріс әсері күтілмейді немесе рұқсат етілген шығарындылар шегінде болады. Кәсіпорынның болашақ қызметінің барлық көздері және нысандағы жоспарланған жұмыстар, оның ішінде ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету ескерілген».
Қорытындылай келе, компания әлі де ҚОӘБ бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіп, шығарындыларды азайтып, жұмысын жалғастырады деп үміттенеміз.
Арман АСҚАРОВ