Атырау, 28 қыркүйек 14:23
 ашықВ Атырау +14
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бұрынғы Әділет министрі ұсталды

844 просмотра

Антикоррупциялық қызмет бұрынғы Әділет министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

21 қазан 2023, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.