Атырау, 28 қыркүйек 14:26
 ашықВ Атырау +14
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда жеке тұлғалардың несиесін коллекторларға сатуға тыйым салынады

621 просмотра
фото: freepik.com

Мәжілісте өткен парламенттік тыңдау барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға берген қарызын коллекторлық агенттіктерге сатуға заңнамалық деңгейде тыйым салу туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысының айтуынша, коллекторларға тек қарызды өндіріп алу қызметін көрсетуге рұқсат етіледі. Яғни, банктер мен микроқаржы ұйымдары жеке несиелерді коллекторлық агенттіктерге белсенді түрде жеңілдікпен сатып жатыр.

«Нарықты жосықсыз субъектілерден тазарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу – негізгі шаралардың бірі. Банктер мен МҚҰ  жеке тұлғалардың қарыздарын коллекторлық агенттіктерге айтарлықтай жеңілдікпен сатады. Өз кезегінде, коллекторлар берешекті қайта құрылымдауды жүргізбей, борыштың тұтастай сомасын өндіріп алады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес коллекторлық агенттіктерге азаматтардың тұтынушылық банктік кредиттері мен микрокредиттерін сатуға тыйым салуды ұсынамыз», - деді Әбілқасымова.

Жыл басынан бері коллекторлық агенттіктерге 350 мыңға жуық несие сатылған.

«Бұл шектеулерді енгізу коллекторлық нарықтың толық тоқтауын білдірмейді. Коллекторлар проблемалық кредиттерді сатып алмай-ақ оларды өндіріп ала береді. Бұл кредиттер қаржы ұйымдарында болады және олар проблемалық борышкерлермен жұмыс үшін жауапты болады. Бұдан басқа, коллекторлар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың стрестік активтерін басқару жөніндегі сервистік компаниялардың рөлін атқара алады», - деді агенттік басшысы.

20 қазан 2023, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.