Атырау, 28 қыркүйек 14:24
 ашықВ Атырау +14
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Палестина мен Израиль: ҚМДБ мәлімдеме жасады

915 просмотра
Сурет: usatoday.com

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейді.

"Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндейді", - делінген хабарламада.

20 қазан 2023, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.