Атырау, 28 қыркүйек 14:24
 ашықВ Атырау +14
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Тұман, жаңбыр және қар: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды

800 просмотра
Сурет: azh.kz / Елена Сүндетова

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 20 қазанда елдің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтөбе облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман.

Қостанай облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында көктайғақ, тұман болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Облыстың шығысында тұман түседі, облыстың батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында да тұман түседі.


20 қазан 2023, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.