Атырау, 28 қыркүйек 16:19
 ашықВ Атырау +14
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда жаңа зейнетақы реформасын жүргізу ұсынылды

684 просмотра
фото: freepik.com

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады. Мәжілісмен елімізде ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақы мөлшеріне дейін арттырып, жаңа зейнетақы реформасын жүргізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Парламентарий биыл ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілсе, келесі жылы 85 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отырғанын еске салды. Оның айтуынша, ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 мың теңгеден сәл артық.

"Ең төменгі жалақы өмір сүру құнын ескере отырып белгіленеді, сондықтан ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақыға сәйкестендіру үкіметтің алдында тұрған өзекті мәселелердің біріне айналуы тиіс деп есептеймін", - деді Жұбанов.

18 қазан 2023, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.