Атырау, 3 маусым 17:07
 дождьВ Атырау +21.8
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Сенсациялық жеңіс: футболдан Қазақстан құрамасы Финляндияны ұтты

726 рет қаралды
Фото: nstagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алу үшін күресті ары қарай жалғастырады.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы H тобында 15 ұпай жинады.

Бүгінгі турнирде Финляндия құрамасы бірінші таймда алғаш болып есеп ашты.  Ал екінші таймның 77-минутында Бақтияр Зайнутдинов пенальти кезінде гол салып, есепті теңестірді. Араға 12 минут салып, ойынның 89-минутында Зайнутдинов тағы бір гол соғып, командаға жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы енді іріктеу туринирі аясында екі ойын өткізеді. Оның бірін ұлттық құрама Сан-Мариномен өз алаңында өткізсе, екінші кездесуде Словениямен қарсыластардың алаңында ойнайды.

18 қазан 2023, 08:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.