Атырау, 7 қыркүйек 00:47
 дождьВ Атырау +21.8
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағының иегерлері 1000 АЕК-тен алды

1 031 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес Министрліктің бұйрығымен марапатталған педагогтерге 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы берілді. 
Олар:

Забида Ахмедова – Жамбыл облысы Тараз қаласы «Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» КММ мұғалімі; Баян Базарғалиева – Ақтөбе облысы «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімі;

Зәуреш Даумова – Қостанай облысы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі;

Толқын Дуланбаева – Шығыс Қазақстан облысы «Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі;

Айгүл Ержанова – Астана қаласы «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі» КММ мұғалімі;

Әсемкүл Жақсылықова – Қызылорда облысы «Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі;

Сәбит Ибадуллин — Павлодар облысы «Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені» КММ мұғалімі;

Светлана Исаева – Жетісу облысы Талдықорған қаласы «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі;

Айжан Қапезова – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ мұғалімі;

Сәбира Күлпейісова – Қарағанды   облысы Қарағанды   қаласы «А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі; 

Марфуға Күнтаева – Шымкент қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы» МКК мұғалімі; 

Әлия Қадирова – Маңғыстау облысы «Ақшұқыр мектеп-лицейі» КММ мұғалімі;

Серік Қазиханов – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі; 

Майра Мамбетова – Алматы қаласы, еңбек ардагері;

Рысжан Нұршина – Ұлытау облысы Жезқазған қаласы «№8 гимназия» КММ мұғалімі;

Роза Салимова – Түркістан облысы «С.Әбдіжаппаров  атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» КММ мұғалімі; 

Ардақ Хайрлиева – Атырау қаласы «М.Өтемісов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ мұғалімі. 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы жылдың 5 қазанында өткен педагогтердің бірінші республикалық съезінде ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын. Оған 700-ге жуық білім беру қызметкерлері қатысты.

17 қазан 2023, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.