Атырау, 28 қыркүйек 16:20
 ашықВ Атырау +14
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Орман шаруашылығы мекемелерін жарақтандыруға 70 млрд теңге бөлінбек

474 просмотра

Табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін техникамен қамтамасыз ету мақсатына биыл 13,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәліметінше, қолданыстағы техниканың жартысынан көбі тозған. 

«Биылғы жазда Семей орманында алапат өрт орын алғанын баршаңыз білесіздер. Орман саласының 15 қызметкері тілсіз жаудың құрбаны болды. Үлкен алқапта болған өрттің бірден бір себебі табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін техникамен қамтамасыз етудің төмен деңгейі, атап айтқанда 70% деңгейінде ғана қамтамасыз етілген. Ал қолданыстағы техниканың 60%-дан астамы есептен шығаруға жатады», – деп хабарлады сала басшысы. 

Оның ақпаратына сәйкес, жыл соңына дейін табиғат қорғау мекемелеріне 29 өрт сөндіру автомашинасы, 59 орман өртін сөндірудің шағын кешені, 151 трактор, 58 патрульдік көлік жеткізілетін болады. Соның ішінде, Семей орманына 10 өрт сөндіру машинасы, 14 орман өртін сөндірудің шағын кешені, 8 өрт сөндіру прицепі жеткізіледі. Бұдан басқа, Үкіметтің резервінен 4400 өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге бөлінді.

Жалпы, бес жылда Азаматтық қорғаудың кешенді жоспарына сәйкес табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін жарақтандыруға 68 млрд теңге қаражат қарастырылған.

Министр үстіміздегі  жылдың  1 шілдесінен бастап мемлекеттік орман қорғау мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 100%-ға  көтерілгені туралы есеп берді. Ал штаттағы әкімшілік қызметкерлер және де штаттан тыс қызметкерлерге министрлік пен кәсіподақ арасындағы салалық келісімнің шеңберінде 70% үстемеақы қарастырылғанын жеткізді.

Бұған қоса, орман қорғау шараларын жүзеге асыру шеңберінде орманның өрт қаупі жоғары учаскелерінде өртті ерте анықтау жүйесі орнатылатын болады. Осы орайда орманды бақылау және өртті ерте анықтау үшін министрлікте Ахуалдық орталық құру жоспарлануда. 

«Бұл жүйенің енгізілуінің заңсыз ағаш кесу мен браконьерлікке қарсы күресте маңызы зор», – деді Е.Нысанбаев.

17 қазан 2023, 08:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.