Атырау, 28 қыркүйек 18:25
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтар саны 2329-ға жетті

491 просмотра
dzen.ru

Жексенбі күнгі мәлімет бойынша, Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы қақтығыстың тоғызыншы күнінде Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың жалпы саны 2329-ға жетіп, тағы 9042-сі жараланған. Бұл туралы Газада орналасқан Палестина денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ведомствоның ресми өкілі Ашраф әл-Кудраның айтуынша, соңғы 24 сағат ішінде 300-ден астам адам қаза тауып, тағы 800-ден астам адам жараланған, олардың көпшілігі – балалар мен әйелдер.

Оның айтуынша, «израильдік әскерлер рейд кезінде бейбіт тұрғындар тұратын аудандарға шабуыл жасап, әлі де адамдар тұрып жатқан үйлерді атқылап жатыр». Ал инфрақұрылымның түгелге жуық қирауына байланысты тұрғындарды эвакуациялау айтарлықтай қиынға соғып жатыр.

А.әл-Кудра Газа секторының 70 пайызға жуық тұрғындары медициналық қызметтерге қол жеткізе алмай отырғанын атап өтті. Сенбі күні БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестина босқындарына көмек көрсету жөніндегі агенттігі өзінің халықаралық орталығы мен қызметкерлерін анклавтың оңтүстігіне көшіретінін хабарлады.

БҰҰ мәліметінше, 400 мыңнан астам палестиналық соғыс қимылдары салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

16 қазан 2023, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.