Атырау, 28 қыркүйек 18:27
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

504 просмотра
Сурет: azh.kz / Елена Сүндетова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды", - делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миилион 312 мың адам.

"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге".

16 қазан 2023, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.