Атырау, 28 қыркүйек 18:27
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Қазпошта» мен AliExpress ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

833 просмотра

Сурет: kazpost.kz

«Қазпошта» АҚ AliExpress CIS компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазақстанда және әлемде электрондық коммерцияны дамытудағы үлкен серпінді ескере келе, тараптар трансшекаралық сауданы дамытуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.

Жақын арада клиенттердің маркетплейс тауарларына тікелей қол жеткізуі және тапсырыстарды жеткізу уақытын қысқарту үшін ҚХР-дан (Шанхай қ.) Қазақстанға логистикалық арнаны іске қосу жоспарланып отыр. Енді клиенттер өздерінің сәлемдемесін жақын маңдағы «Қазпошта» бөлімшесінен ала алады. Аталған жоба 2024 жылдың 1 тоқсанында іске қосылады деп көзделіп отыр.

Бүгінде «Қазпошта» АҚ-ның бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған бөлімшелер желісі бар, бұл сәлемдемені тіпті еліміздің ең шалғай орналасқан елдімекеніне жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, жуырда «Қазпошта» Астанада аумағы 10 000 шаршы метрден асатын және жылына 6 млн сәлемдемені өткізе алатын, өзінің ірі логистикалық орталықтарының бірін ашты. Сондай-ақ, мұндай логистикалық хабтар Ақтөбе қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында салынады.

13 қазан 2023, 20:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.