Атырау, 28 қыркүйек 18:29
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Қазтрансойл» АҚ 2023 жылдың 9 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспортын 53% - ға ұлғайтты

1 103 просмотра
freepik.com

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте қазақстандық мұнайды Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 2 млн 484,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 864 мың тоннаға немесе 53% - ға артық, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку порты бағытында мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайып, 990,2 мың тоннаны құрады. Махачкала порты бағытында Ақтау портынан 1 млн 494,6 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда 5,9 мың тоннаға аз.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін ұлғайтуды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Баку–Тбилиси–Джейхан мұнай құбыры бағытында Теңіз кен орнынан жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасасты.

12 қазан 2023, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.