Атырау, 28 қыркүйек 18:21
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстан зілpаладан зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

664 просмотра
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.

"Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 тауар бар", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.

Еске салайық, 7 қазанда Ауғанстанда алапат жер сілкінісі болып, 3 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын.


11 қазан 2023, 08:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.