Атырау, 28 қыркүйек 20:33
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атырау облысында 150-ден астам қыз хиджаб кигендіктен мектепке бармаған: Министрдің комментарийі

1 163 просмотра
Фото: gov.kz. 

Қазір Қазақстан мектептерінде оқушы қыздардың хиджаб киюіне қатысты мәселе жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйек айының басында министрдің айтуынша, Атырау облысында 150-ден астам қыз хиджаб кигендіктен мектепке бармаған. Олардың ата-анасына түсіндіру жұмысы жүргізілген.

"Мектеп балалардың сапалы білім мен тәрбие алуы үшін құрылғанын бәріңіз жақсы түсінесіздер. Сондықтан ата-аналардың көбі түсініп, қабылдай бастады. Қазір бұл мәселе толығымен шешіліп жатыр. Мектеп – сапалы білім мен тәрбие алатын орын. Бірін екіншісімен шатастырмау керек. Қазір мұндай сұрақтар жоқ. Басқа өңірлер бойынша орамал таққан оқушылардың саны туралы менде ешқандай мәлімет жоқ. Маған берілген ақпаратқа сай, мұндай оқушылар (хиджаб кигені үшін мектепке бармай жүргендер - ред) қазір жоқ".Ғани Бейсембаев

2023 жылдың 22 тамызында министр Қазақстан мектептерінде хиджаб кию туралы айтқан еді. Ғани Бейсембаев заң талаптары бойынша барлық оқушы сабаққа мектеп формасымен келуі керек екенін еске салды.

6 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде дінге қатысты мәселелер мұқият зерттелетінін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық орындарда никаб пен қысқа шалбар киюге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылып, зерттеледі.

10 қазан 2023, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.