Атырау, 28 қыркүйек 20:23
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Баланың "есірткі жасырушы" болып жұмыс істейтінін қалай білуге болады

714 просмотра

Баланың "есірткі жасырушы" болып жұмыс істейтінін қалай білуге болатынын polisia.kz түсіндірді.

Полиция ата-аналарға мына белгілерге назар аударуды ұсынады:

  • баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері пайда болса;
  • жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;
  • араласатын ортасы өзгерсе;
  • сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;
  • күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;
  • жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.

Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез-келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек.

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталатынын еске салады.


10 қазан 2023, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.