Атырау, 28 қыркүйек 20:37
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ұлттық ұлан сарбазы өзінің басына оқ атып қаза болды

847 просмотра
Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Ұлттық ұлан сарбазы басына оқ атып қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті.

«9 қазанда сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан өз басына оқ атып, көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

«ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», - делінген ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарламасында.

9 қазан 2023, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.