Атырау, 28 қыркүйек 20:28
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібереді

467 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.

Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.

9 қазан 2023, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.