Атырау, 28 қыркүйек 20:30
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

"ӘМСҚ - қаржы институты". Сқақов медицинадағы тәжірибесі туралы айтты

549 просмотра

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әбілқайыр Сқақов медицина саласындағы тәжірибесіне тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Білімі бойынша Сқақов экономист және қаржыгер, сонымен қатар құқық бакалавры дәрежесіне ие. 2022 жылдың желтоқсанына дейін Павлодар облысының әкімі болған. Мәжіліс кулуарында журналистер шенеуніктен медициналық тәжірибесінің жоқтығы оған кедергі келтірей ме деп сұрады.

"Мемлекеттік қызметте жүргеніме 28 жыл болды, тәжірибем бар: 2,5 жыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығында жұмыс істедім, содан кейін әкім болып тағайындалған кезде менің тағайындалуым бірден үлкен мәселе – COVID-19-ға тұспа-түс келді. Мен сонда тәжірибе жинақтадым, жалпы алғанда, қор денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қолдаумен айналысатын қаржы институты екенін білесіздер", - деп жауап берді Әбілқайыр Сқақов.

Ол осы тәжірибесі оған Денсаулық сақтау министрлігі және медициналық қауымдастықпен бірге "бар мәселелерді шешудің нақты жоспарын жасауға" мүмкіндік беретінін айтты.

9 қазан 2023, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.