Атырау, 28 қыркүйек 20:31
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ақылы жолдарды енгізу туралы

430 просмотра
freepik.com

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды. Бұл жол учаскелерінде ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды qaj.kz.

Бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды.

Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:
⦁ 2023 жылғы 9 қазанда «Бейнеу-Ақжігіт»;
⦁ 2023 жылғы 10 қазанда «Орал-Самара»;
⦁ 2023 жылғы 14 қазанда «Павлодар-Омбы»;
⦁ 2023 жылғы 16 қазанда «Көкшетау-Петропавл» күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.
⦁ Сонымен қатар «Орал-Саратов» жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр.

Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

Жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);
1. 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;
2. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;
3. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;
4. жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км;
5. жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

9 қазан 2023, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.